freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен патшайымын қарсы алды

Саясат •
Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен патшайымын қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев және Белгия королі мен патшайымы. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы Астана әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Корольдік жұп мінген ұшақ Қазақстан шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшақтарымен қапталдаса ұшты. Әуежайда мәртебелі меймандарды қарсы алу үшін Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.

Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп және патшайым Матильдамен қысқаша әңгімелесті.

Мемлекет басшысы бұл сапардың Қазақстан мен Бельгия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

"Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде король Филипп көрсетілген қонақжайлық үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, алдағы келіссөздердің нәтижелі болатынына сенім білдірді.

"Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін", – деді ол.

Бұған дейін Ақорда 11-14 қазан аралығында Бельгия королі мен патшайымының Қазақстанға мемлекеттік сапар жасайтынын хабарлаған. Бағдарлама аясында Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің IV отырысы, екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумы және бірқатар басқа іс-шара өтеді. Сапар қорытындысында Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу