Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Саясат
Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. 

Бұдан басқа қандай өзгерістер болды?

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу