freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев ЕАЭО аясында ЖИ технологиясын енгізуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты

Саясат
Тоқаев ЕАЭО аясында ЖИ технологиясын енгізуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аясында жасанды интеллект технологиясын енгізуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Менің ойымша, жаңа технологияларды, әсіресе, жасанды интеллектіні сауда және логистика саласына белсенді енгізу аса маңызды.

Кедендік рәсімдерді жеделдету мақсатында ұлттық цифрлық жүйелердің байланысын күшейткен жөн.

Бұл нақты уақыт режимінде барлық құжатты тез өңдеуге, кедергілерді анықтауға және жүк ағындарын болжауға мүмкіндік береді.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану бизнес шығындарын айтарлықтай азайтып, ЕАЭО кеңістігіндегі алыс-берісті арттыруға көмектеседі.

Өнеркәсіп кооперациясын кеңейтуде жасанды интеллектінің сараптамалық әлеуетін пайдаланудың практикалық маңызы зор.

Елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін агроөнеркәсіп кешеніне интеллектуалды жүйелерді енгізуге басымдық беру қажет».

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу