Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Саясат
Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея елінде болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны мен табиғат апатының қоршаған ортаға тигізген зияны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу