Тоқаев Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барды, деп хабарлайды Malim.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен ХХІІ Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды.
Мемлекет басшысын Омбы әуежайында Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.