freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев: Қазақстанның антиядролық ұстанымы өзгермейді

Саясат
Тоқаев: Қазақстанның антиядролық ұстанымы өзгермейді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент өз үндеуінде 35 жыл бұрын Семей ядролық полигонының жабылғанын атап өтті. Оның айтуынша, ондаған жыл бойы жүргізілген ядролық сынақтар халық денсаулығы мен қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіріп, орны толмас қасірет әкелді.

Тоқаев Қазақстанның әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму жолын таңдағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық антиядролық қозғалыстағы ұстанымы өзгермейтінін айтты. Ел ядролық державалар арасындағы кикілжіңнің орнына келіссөздер жүргізуді, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуін жеделдетуді және ядролық қаруды қолдану қаупін азайту үшін бірлескен қадамдар жасауды қолдайды.

«Біз атом энергиясын жасампаз мақсатта ғана пайдаланған жөн деп санаймыз», – деді Президент.

Ол сондай-ақ Қазақстан халқының жалпыұлттық референдумда ядролық энергетиканы дамыту бағытын қолдағанын атап өтіп, бұл шешім елдің ұзақ мерзімді экономикалық және ғылыми-техникалық дамуына негіз болатынын айтты.

Тоқаев қазіргі реформалардың басты мақсаты – Әділетті, Озық және Таза Қазақстан құру екенін жеткізді.

«Бәріміз бір ел болып, биік мақсатымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу