freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Ресей мен Украина қақтығысын тоқтатуды ұсынды

Саясат
Тоқаев Ресей мен Украина қақтығысын тоқтатуды ұсынды
Фото: РИА новости

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтатып, «Стамбұл формуласы 2.0» негізінде келіссөздерді қайта жалғастыруды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz РИА-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Омбыда Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуі барысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты өзіне Еуропа мен АҚШ тарапынан көптеген сигналдар түсіп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол бұл қақтығыстың табиғаты көпшілікке, соның ішінде Қазақстанға да толық түсінікті емес екенін жеткізді.

«Әрине, жас адамдардың қаза тауып жатқаны өкінішті. Бұл – Ресей мен Украинаның бауырлас халықтарының генофонды. Мұның бәрін тоқтату керек. Менің берік сенімімше, қазіргі жағдай Ресейдің де, Украинаның да қарсыластарының мүддесіне қызмет етіп отыр», – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бұл қақтығысты реттеуде делдал болуға ниетті емес екенін, бірақ оның бейбіт жолмен шешілуін қолдайтынын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу