Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Танзила Нарбаеваны "Достық" орденімен марапаттады

Саясат
Тоқаев Танзила Нарбаеваны "Достық" орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 18 тамызда Ақордада Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге сіңірген еңбегі үшін Танзила Нарбаеваны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдаған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Танзила Нарбаева парламентаралық дипломатияны, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу