freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев заңға қол қойды: Қазақстан жұмыс берушілерін қандай өзгерістер күтіп тұр

Саясат
Тоқаев заңға қол қойды: Қазақстан жұмыс берушілерін қандай өзгерістер күтіп тұр
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек заңнамасын жетілдіруге бағытталған түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.

Заңның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту, әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек қауіпсіздігі стандарттарын арттыру және еңбек қатынастарының негізгі рәсімдерін нақтылау арқылы еңбек заңнамасын одан әрі жетілдіру.

Құжат аясында қолданыстағы Еңбек кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, Еңбек кодексі еңбек саласында адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған жаңа қағидаттармен толықтырылды.

Сонымен қатар соңғы жұмыс күнін айқындау тәртібі нақтыланды. Бұл уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңімен немесе әлеуметтік демалыспен сәйкес келетін жағдайларға қатысты.

Бұдан бөлек, қызметкерлердің скринингтік тексерулерден өту тәртібі белгіленді.

Сондай-ақ ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге жұмсалған уақыт үшін орташа жалақы төлеу мәселесі реттелді.

Жаңа нормаларға сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда қызметкерді бұл туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу