freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркияда 110 жолаушысы бар кеме суға батып кетті

Оқиға
Түркияда 110 жолаушысы бар кеме суға батып кетті
stan.kz

Түркияның Мәрмәр теңізінде серуендеуге арналған кеме суға батып кетті. Оқиға Дженнет аралына жақын маңдағы акваторияда болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 29 мамыр күні рейс барысында капитан кемеге су кіре бастағанын байқап, оны жағаға бағыттаған. Алайда судың көлемі тез көбейіп, кемені сақтап қалу мүмкін болмаған.

Экипаж дереу эвакуация жұмыстарын бастап, жақын маңда жүрген экскурсиялық қайықтардың көмегімен жолаушыларды қауіпсіз жерге шығарған. Құтқару операциясына Түркияның жағалау күзеті қызметі де жұмылдырылды.

Нәтижесінде борттағы 110 адамның барлығы аман құтқарылды. Біраз уақыттан кейін суға толған кеме толықтай теңіз түбіне кеткен.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір кеменің суға кету себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу