Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда Қызыл кітапқа енген 100 келі сирек өсімдік тоналды

Қоғам
Түркістанда Қызыл кітапқа енген 100 келі сирек өсімдік тоналды

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін өсімдіктерді заңсыз жинаумен айналысқан тұлғалар тобының әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер таулы аймақтарда тыйым салынған өсімдік түрлерін жинады деген күдікпен Төлеби ауданының алты тұрғынын ұстады.

"Тексеру және тінту жұмыстары кезінде жалпы салмағы шамамен 100 келіден асатын 3000-нан астам макротомия өсімдігінің тамыры және арнайы қолдан жасалған күректер тәркіленді. Аталған дерек бойынша сирек кездесетін, жойылу қаупі төнген және айналымына тыйым салынған өсімдіктермен заңсыз әрекет ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде істің барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр", делінген хабарламада.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және табиғи ортаны сақтауға, қорғауға шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу