freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Үйінен "тез ораламын" деп шығып кеткен": Астанада үш баланың анасы көзіне ота жасатамын деп қайтыс болды (ВИДЕО)

Қоғам
"Үйінен "тез ораламын" деп шығып кеткен": Астанада үш баланың анасы көзіне ота жасатамын деп қайтыс болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Астанада үш баланың анасы көзге жасалған операциядан кейін қайтыс болды. Марқұмның жақындары оқиғаның мән-жайы толық ашылмай отыр деп есептеп, дәрігерлердің салғырттығы болуы мүмкін деген күдік білдіруде, деп хабарлайды Malim.kz.

31-арнаның "Информбюро" бағдарламасының дерегінше, қайғылы жағдай 2025 жылдың 31 қазанында болған. Аида Оспанова елордадағы жеке көз клиникасында шамамен 30 минутқа жоспарланған отаға түскен. Алайда операцияға бір сағат қалғанда дәрігерлер қосымша катаракта анықталғанын айтып, оны да алып тастау жөнінде шешім қабылдаған. Көп ұзамай отбасы мүшелеріне қаралы хабар жеткен.

Марқұмның қызы Ақерке Әкімханованың сөзінше, отбасы сот-медициналық сараптама қорытындысымен толық келіспейді. Құжатта өлім себебі "жүректің жедел тамырлық жеткіліксіздігі" деп көрсетілген. Алайда туыстары әйелдің бұған дейін жүрек ауруына шағымданбағанын айтады. Сонымен қатар олардың қолында операция алдында тапсырылған таза медициналық талдаулар бар екені белгілі болды.

Отадан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Кейін ол басқа ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Туыстары медициналық құжаттардағы уақыт айырмашылығына да назар аударып отыр. Бір құжатта биологиялық өлім уақыты 16:18 деп көрсетілсе, басқа мәліметтерде 16:48 және 17:11 уақыттары жазылған. Бұл сәйкессіздік отбасының күдігін күшейткен.

Ал жеке клиника өкілдері операция жоспарға сай өткенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, хирургиялық кезең асқынусыз аяқталған, алайда отадан кейін науқастың жағдайы нашарлаған. Клиника басшылығы барлық медициналық құжаттар құқық қорғау органдарына тапсырылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта нақты өлім себебі тергеу нәтижесінде анықталуы тиіс. Марқұмның туыстары істің әділ қаралып, шындықтың ашылғанын қалайды. Аиданың артында үш бала, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін үш жасар бүлдіршін қалған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу