freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үкімет қазақстандықтардың жалақысы өсетінін жариялады

Қоғам
Үкімет қазақстандықтардың жалақысы өсетінін жариялады
Gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов халықтың табысын өсіру жұмыстары туралы баяндады, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Азаматтардың табыс деңгейі артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейтіні айтылды. Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші - шамамен 31%, бұл - Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш.

"Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, соның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шаралар әзірлеп жатыр. Соның аясында қаржы, салық және басқа да ынталандыру шаралары көзделіп отыр. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағды мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ, азаматтар үшін қаржы жүктемесін азайтуға бағытталған", - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бүгінгі жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу