Украинаның Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейді Украинадағы соғысты тоқтатып, дипломатиялық келіссөздерге оралуға шақырғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Министр X әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде Тоқаевтың ұстанымын «шынайы жағдайға сай, дер кезінде жасалған әрі дана үндеу» деп бағалады.
Сыбіганың айтуынша, Украина қазіргі майдан шебі бойынша әскери қимылдарды тоқтатып, дипломатиялық жолмен реттеуді ұсынған. Алайда оның сөзінше, Кремль бұл ұсынысты қабылдамай отыр.
Бұл мәлімдеме Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Тоқаевтың бастамасына пікір білдіргеннен кейін жарияланды. Оның айтуынша, Мәскеу Қазақстан Президентінің ұсынысымен таныс, бірақ Киевтің ұстанымын ескере отырып, қақтығысты уақытша тоқтату әзірге мүмкін емес.
Еске салайық, Омбыда өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге әскери іс-қимылдарды тоқтатып, «Стамбұл 2.0» форматындағы келіссөздерді қайта бастауды ұсынған болатын.