Алматыда такси жүргізушісі шетелдік жолаушылардан әуежайдан қала орталығына дейін жеткізгені үшін 150 доллар (шамамен 72 мың теңге) алып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Полицияға Үндістанның екі азаматы жүгініп, халықаралық әуежайдан қала орталығына дейінгі сапардан кейін жүргізуші олардан белгіленген тарифтен бірнеше есе жоғары ақы талап еткенін айтқан.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушінің жеке басы жедел анықталған. Заңсыз алынған қаражат шетел азаматтарына толық көлемде қайтарылды.
«Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жиналып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданады», – деп хабарлады полиция.