freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұшаққа кіріп кеткен масалар екі қызметкердің өмірін қиды

Әлем
Ұшаққа кіріп кеткен масалар екі қызметкердің өмірін қиды
Ұшақ. Көрнекі фото: Cristóbal Alvarado Minic/Getty Images

Франкфурт әуежайының екі қызметкері безгек ауруынан қайтыс болды. Тағы төрт адам ем қабылдап жатыр. Германияның денсаулық сақтау органдары инфекцияны тасымалдаушы масалар әуежайға ұшақтардың бірімен келген болуы мүмкін деп болжайды. Бұл туралы Malim.kz тілшісі BBC дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Қазір әуежай аумағына масаларға арналған арнайы тұзақтар орнатылған. Ұсталған жәндіктер зертханаға жіберіліп, олардың түрі мен қайдан келгені анықталмақ.

"Өкінішке қарай, қызметкерлердің бірі осы инфекция салдарынан қайтыс болды. Біз барлық қызметкерлерге толық ақпарат беріп, қандай да бір белгілер байқалған жағдайда дәрігерге қаралуға кеңес береміз", – деді Франкфурт әуежайын басқаратын Fraport компаниясының өкілі.

Мәлімет бойынша, инфекцияны әуежайдың әр бөлігінде жұмыс істейтін алты ер адам жұқтырған. Мамандар олардың барлығына бір маса немесе бірнеше бөлек жәндік арқылы инфекция тарады ма деген сұраққа жауап іздеп жатыр.

Шілде айында төрт қызметкердің безгек жұқтырғаны анықталған. Роберт Кох институтының мәліметінше, олардың сырқаты 4-6 шілде аралығында басталған және инфекцияны тасымалдаушы масалар ұшақ ішінде болған болуы мүмкін.

Германия билігі бұл масалар келген ұшақтың қай елден ұшып келгенін әзірге нақтылаған жоқ.

Роберт Кох институты Германияда безгек жағдайлары көбіне осы ауру кең таралған аймақтардан келген адамдардан анықталатынын атап өтті. Ал инфекцияның тікелей әуежай аумағында жұғуы өте сирек кездеседі.

"Адам шетелге бармаған жағдайда дәрігерлер оған безгек диагнозын бірден қоя бермейді. Диагноз кеш қойылған сайын аурудың асқыну қаупі артады", – делінген институттың эпидемиологиялық бюллетенінде.

Айта кетейік, "әуежайлық безгек" деп аталатын осындай жағдай Франкфурт әуежайында 2023 жылы да тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, безгек – негізінен тропикалық елдерде таралған, масалар арқылы жұғатын инфекциялық ауру. Оны емдеуге және алдын алуға болады. Ауру адамнан адамға тікелей жұқпайды, бірақ кей жағдайда өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу