Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ушықтыру әрекеттері". Серік Сәпиевтің орынбасары оқиғаға қатысты пікір білдірді

Қоғам
"Ушықтыру әрекеттері". Серік Сәпиевтің орынбасары оқиғаға қатысты пікір білдірді
instagram.com/daurenesimkhanov

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімханов өзіне қатысты болған оқиғаға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Qaz365.kz-ке сілтеп  ​​​​​​Malim.kz хабарлайды. 

Ол әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та объективті шындықты көрсетпейтін ақпарат тарап жатыр. Арандатушылыққа және жекелеген мүдделі тұлғалардың бұл жағдайды қолдан ушықтыру әрекеттеріне ермеулеріңізді сұраймын», – деп жазды Дәурен Есімханов.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында жанжал болып, соның салдарынан басқарма басшысы дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Аталған дерек бойынша полиция 42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары басталғанын хабарлады.

Кейінірек әлеуметтік желілерде Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжал сәті түсірілген бейнежазба жарияланды. Сонымен қатар, Серік Сәпиевтің өзі де ресми мәлімдеме жасап, болған оқиғаның себептеріне түсініктеме берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу