freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Вице-президент пен Премьер-министр қашан тағайындалады?

Саясат
Вице-президент пен Премьер-министр қашан тағайындалады?
Ақорда

Қазақстанда вице-президент пен Премьер-министр лауазымдарына кандидатуралар Құрылтайдың құрылымы қалыптасқаннан кейін ұсынылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 28 тамызда, Қазақстан Республикасы бірінші шақырылымдағы Құрылтайының алғашқы сессиясының ашылуында мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, алдымен Құрылтайдың құрылымы қалыптасуы қажет. Осыдан кейін Мемлекет басшысы вице-президент пен Премьер-министр лауазымдарына кандидаттарды депутаттардың қарауына ұсынады.

Құрылтайдың құрылымы қалыптасқаннан кейін Вице-президент пен Премьер-министр кандидатураларын депутаттардың қарауына енгіземін. Содан кейін сіздермен консультациялар өткізген соң, Үкімет мүшелерін тағайындаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар жаңа Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына да тағайындау жүргізіледі.

Президент Конституцияға сәйкес жаңадан сайланған Құрылтай алдында Үкіметтің өкілеттігін тоқтататынын атап өтті. Алайда жаңа Үкімет құрамы бекітілгенге дейін қазіргі Үкімет мүшелері өз міндеттерін атқара береді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Құрылтай мен Үкіметтің құрамы толық қалыптасқаннан кейін Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды.

Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс. Лауазымды тұлғалардың бәрі, әсіресе, қызметіне енді кірісетін азаматтар алдымызда тұрған ортақ мақсат-міндеттерді білуі керек, - деді Президент.

Осылайша, вице-президент пен Премьер-министрдің нақты тағайындалу күні әзірге белгісіз. Кандидатуралар Құрылтайдың құрылымы қалыптасқаннан кейін депутаттардың қарауына ұсынылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу