freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Халық өзі басқаратын болды": Нартай Аралбайұлы асыға күткен қуанышты хабарды айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Халық өзі басқаратын болды": Нартай Аралбайұлы асыға күткен қуанышты хабарды айтты (ВИДЕО)
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Нартай Аралбайұлы

Қазақстандықтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатының 100 пайызына дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға сеніп тапсыру мүмкіндігі берілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутаттың айтуынша, қазір міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған активтердің басым бөлігін Ұлттық банк басқарады. Қаражат мемлекеттік бағалы қағаздарға, депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына инвестицияланады.

Жаңа норма күшіне енгеннен кейін салымшы зейнетақы жинағының қанша бөлігін және қай инвестициялық портфельді басқарушыға беретінін өзі таңдай алады. Қаражатты бір компанияға толық аударуға немесе бірнеше басқарушының арасында бөлуге мүмкіндік қарастырылған.

"Енді зейнетақы жинағыңыздың 100 пайызын кімге сеніп тапсыратыныңызды өзіңіз шешесіз. Ол үшін арнайы өтініш жазып, қаражатыңызды басқаратын және инвестициялайтын ұйымды таңдайсыз", – деп жазды Нартай Аралбайұлы.

Оның сөзінше, бұл мүмкіндікті пайдалану міндетті емес. Азаматтар жинақтарын бұрынғыдай Ұлттық банктің басқаруында қалдыра алады. Сондай-ақ инвестициялық басқарушыны таңдау үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаттың болуы талап етілмейді.

Депутат аталған норманы әріптесі Асхат Аймағамбетовпен бірге ұсынғанын жеткізді.

Бұл өзгеріс азаматтардың зейнетақы қаражатын қолма-қол алуына немесе күнделікті қажеттілікке жұмсауына мүмкіндік бермейді. Ақша БЖЗҚ жүйесінде қалып, салымшы таңдаған лицензиясы бар компания арқылы инвестицияланады.

Қазақстандық дәстүрлі садақшылар халықаралық турнирлерде топ жарды

Қазақстанның дәстүрлі садақ ату құрамасы халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына бірнеше медаль салды. Ұлттық құрама Түркия мен Өзбекстанда өткен беделді турнирлерде жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.

Стамбул қаласында өткен FETIH KUPASI халықаралық турниріне әлемнің 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Жарыстың Түрік путасы, яғни 50 метр қашықтықтан нысана көздеу сайысында қазақстандық мергендер жүлделі орындардан көрінді.

Ерлер арасында Жәнібек Саламатұлы қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді. Ал Марат Лұқпанов қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер бәсекесінде Сабира Жаппар үздік үштіктің қатарына кіріп, қола медаль жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты әрі Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Қазақ елі, Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті әрі дәстүрлі садақ атудың жанкүйері ретінде баршаңызды құттықтаймын! Садақшыларымызға, жаттықтырушыларымызға және федерация бастамаларын қолдаған Туризм және спорт министрлігіне алғыс айтамын. Сұрмергендерімізге жанкүйер болыңыздар!" – деп жазды ол.

Осылайша қазақстандық спортшылар әлемнің үздік мергендері жиналған додада ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық спорттың беделін арттырды.

Ташкенттегі халықаралық додада 10 медаль жеңіп алған

Қазақстандық дәстүрлі садақшылар бұған дейін Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен халықаралық ашық турнирде де табысты өнер көрсеткен.

Байрақты бәсекеге Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Кипр және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысқан. Қазақстан атынан сынға түскен жеті мерген төрт алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.

Нартай Аралбайұлы бұл жетістік қазақтың дәстүрлі садақ ату мектебінің халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте көрсеткенін атап өтті.

"Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Қазақтың дәстүрлі садақшылары әлемде теңдессіз екенін тағы да көрсетті. Бізге жанкүйер болып, қолдау білдіріп жүрген барша азаматтарға алғыс айтамын", – деп жазған еді ол.

Қазақстандық мергендердің қатарынан бірнеше халықаралық жарыста жеңіске жетуі дәстүрлі садақ ату спортының ел ішінде қарқынды дамып келе жатқанын аңғартты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу