freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жарнамаға ресейлік блогерді шақырған қазақстандық бренд сынға ұшырады

Қоғам
Жарнамаға ресейлік блогерді шақырған қазақстандық бренд сынға ұшырады
kinoafisha.info

Қазақстандық косметика бренді SenSulu ресейлік блогер Валя Карнавалдың қатысуымен түсірілген жарнамадан кейін әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Компания Валя Карнавалды брендтің амбассадоры ретінде таныстырған. Алайда Threads платформасындағы кейбір қолданушылар бұл шешімге сын айтты.

Желі қолданушылары былтыр Қазақстандағы түсірілім кезінде туындаған дауды қайта еске алды. Ол кезде әлеуметтік желілерде блогердің түсірілім алаңында қазақ тіліне қатысты жанжал шығарғаны жөнінде расталмаған ақпарат тараған болатын.

Өз кезегінде Валя Карнавал бұл айыптауларды жоққа шығарып, аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеген. Сонымен қатар ол Қазақстан мен ел тұрғындарына құрметпен қарайтынын айтқан еді.

Бұл жолы да әлеуметтік желідегі пікірлер екіге бөлінді. Кейбір қолданушылар бұған дейін дауға іліккен тұлғаны брендтің бет-бейнесі ету дұрыс емес деп санайды.

«Осындай үлкен даудан кейін оны SenSulu-дың амбассадоры ету – түсініксіз шешім. Бір жыл өтсе де, сол жағдай талқыланып жүр», – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Ал енді бір топ қолданушылар өткен жылғы айыптаулар нақты дәлелденбегенін айтып, брендке қарсы сын негізсіз екенін жеткізді.

«Әлемдік брендтер амбассадорларды ұлтына немесе азаматтығына қарап таңдамайды», – деп пікір білдірген желі қолданушылары да болды.

Қазіргі уақытта SenSulu компаниясы әлеуметтік желілердегі сынға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу