Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жазушы Ырысбек Дәбейдің жаңа кітабы жарық көрді

Мәдениет
Жазушы Ырысбек Дәбейдің жаңа кітабы жарық көрді

Алматы қаласындағы Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында жазушы Ырысбек Дәбейдің «Тұманды қараша. Ай сонатасы» атты жаңа кітабының тұсаукесер кеші өтті. Аталған кешке белгілі қаламгерлер мен жас әдебиетшілер, БАҚ және басқа да мәдениет саласының өкілдері, жалпы әдебиетсүйер оқырман қауым қатысты. 

Жаңа кітапқа автордың кейінгі жылдары жазған әңгімелері мен «Тұманды қараша. Ай сонатасы» атты хикаяты енген. Бұлардың түгелдей дерлігі – әдебиетшілердің оң бағасын алып, республикалық, халықаралық бәйгелерде жүлделі болып, кең тараған туындылар. 

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, "Ақжелкен" журналының бас редакторы, ақын Есей Жеңісұлы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР ЖО мүшесі, ақын Ақберен Елгезек, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР ЖО мүшесі, "Ана тілі" газетінің бас редакторы, ақын Ерлан Жүніс, Мәдениет саласының үздігі, Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Сламбайқызы мен жас жазушы, осы кітаптың редакторы Санжар Бекжан кітаптың тұсауын кесіп, Ы.Дәбейдің шығармашылығына тоқталып, ақжарма тілегін жеткізді.

Айта кетейік, «Тұманды қараша. Ай сонатасы» кітабы биыл «Steppe & World publishing» баспасынан жарық көрді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу