Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Оқиға
Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды.


Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді.

— Сенаттың қарауына Берік Нәжімиденовті Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Ол тәжірибелі заңгер және қаржылық қадағалау саласының маманы. Президенттің Жарлығымен Берік Төлеутайұлы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы болып тағайындалды. Бұл тұрғыда оның басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату жөніндегі ұсынымды қолдауды сұраймыз, - деді Дмитрий Малахов.

Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.

Еске салсақ, биыл жазда жаңа кассациялық соттардың төрағалары мен судьялары тағайындалды. 

Фото: gov.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу