Танымал актер Тұңғышбай Жаманқұловтың өнердегі әріптесі марқұм Асанәлі Әшімовті жоқтап жазған жазбасы көпшілікті ойландырды, деп хабарлайды Malim.kz.
"Асқар тауымыз едің - аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңнан жалғыз едің - соңдарынан кеттің...
Қатарымнан жалғызбын - арттарында қалдым.... Ағалық жасап арқамнан қақпадың - әлжуаздықтан сақтадың...Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым...
Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің - өз күшіме сендірдің... Сүйеніш болмадың - жансірілікке үйреттің... Тірегім болмадың - табаным таймастай тағаладың...
Белімді бумадың - бекемдікке баулыдың... Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың... Соңыңда қалдырмадың - ізіңде жүргенімді сездің... Қатарымды тептің... Тізеңді батырдың - Мен кештім...
Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім - Өзің де кеш... Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым... Сарыуайым - Сағынышқа айналдың... Қош... Бақыл бол..."деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.