СІМ Еуропарламент сынына жауап берді

Malim Админ

  • 14.02.2021

Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің Қазақстанға қатысты резолюциясына жауап берді.

СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «ҚазАқпаратқа» берген сұхбатында резолюцияда айтылған адам құқықтарына қатысты мәселелер шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. Оның сөзінше, қарарды теріс пиғылдағы саясаткерлер ұсынған.

«Біздің көзқарасымыз бойынша, резолюция мәтіні елдегі шынайы жағдайды бұрмалап көрсеткен және оны теріс ұстанымдағы саясаткерлер деструктивті орталардың жалған ақпараттары негізінде ұсынған. Қазақстан мақсатты түрде адам құқығы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асырып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жариялаған «Еститін мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, ауқымды саяси реформаларды бастады. Еуроодаққа мүше елдердің мемлекет басшысы бастаған реформаларды қолдағанын ескере отырып, Еуропарламент қабылдаған аталмыш құжат пен оған пайдаланылған ақпараттардың сенімділігі түсінбеушілік тудырады», - деді Смадияров.

Бұған дейін Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы адам құқығына қатысты арнайы қарар қабылдаған. Онда еуродепутаттар елде тәуелсіз ұйымдар мен белсенділердің қудаланып, қамалып, қысым көріп жатқанын айтады.

Оқи отырыңыз: Еуропарламент депутаты Қазақстанға санкция салуды ұсынды

Онда Еуропарламент 2020 жылы Нұр-Сұлтан изоляторында жұмбақ жағдайда қайтыс болған Дулат Ағаділ мен кісі қолынан көз жұмған оның ұлы Жанболат Ағаділдің өлімін тексеру мәселесін көтерген.  Атапай айтқанда, депутат Ева Божена Копач былтыр «құзырлы органдар қысымдарынан кейін қайтыс болған» саяси белсенділер Аманбике Хайрулла, Серік Ораз және Ғарифулла Ембергенов жөнінде айта келе:

«Билік бұл өлімдердің ашық, әділ тексерілуіне кедергі жасап отыр. Бірде-бір қылмыскер жауапқа тартылған жоқ»,- деп мәлімдеген.

Финляндиялық еуродепутат Хейди Хаутала Қазақстанда болып жатқан саяси қудалаулар мен қамауларға президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты екенін ескертіп, билік өкілдерін жауапқа тартып, санкция салатын уақыт жеткенін айтқан.

«Президент Тоқаев азаматтық қоғам өкілдерін қудалауға, жаппай қамаулар мен оппозиция мүшелерін басып-жаншуға тікелей жауапты. Қазақстан билігін жауапқа тартатын уақыт жетті. Бізде адам құқығына қатысты жаһандық санкция режимі бар. Соны қолданайық», – деп мәлімдеген депутат.

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда белсенділер мен тәуелсіз ұйымдарды қудалау күшейген. 2020 жылдың қараша айында (парламент сайлауының қарсаңында) «Адам құқықтарын қорғау бюросы», «Халықаралық құқықтық бастама», «Медианет халықаралық журналистика орталығы», «Эхо», «Еркіндік қанаты» сияқты бірнеше ұйым салықтық тексеруге алынған, бірнешеуіне айыппұл салынып, үш айға дейін жұмысын тоқтату туралы сот шешімдері шыққан. Құқық қорғаушылар мен ұйым өкілдері бұның саяси астары бар екенін айтқан. Бірақ кейіннен бұл шешімдердің барлығы күшін жойған.

 

Байланысты жаналықтар

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

10.05.2025

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

09.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды

08.05.2025
MalimBlocks
«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды