Колледждерге емтихансыз түсіп, тегін оқуға мүмкіндік беріледі

Malim Админ

  • 16.03.2021

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кәсіптік және техникалық білім  беру саласындағы бірқатар оң өзгерісті таныстырды. Колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, мемлекеттік тапсырыс беру механизмі өзгертіледі.

"Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесіне жұмыс берушілермен бірігіп жасаған заманауи білім беру бағдарламалары ендіріледі. Былтыр "Жас маман" жобасының арқасында 80 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Алда жоспар бойынша, тағы 100 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартамыз", - деді Асхат Аймағамбетов. білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқалы жиынында.

Сондай-ақ кәсіптік-техникалық білім беретін колледждерге министрліктен берілетін мемлекеттік тапсырыс механизмі өзгермек. Енді қай колледжге мемлекеттік тапсырыс берілетіні, былайша айтқанда, студенттер шешіміне байланысты болмақ. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында "Техникалық және кәсіби білім беру жүйесі дамуының өзекті мәселелері: білім беру процесінің модернизациясы және колледждердің техникалық жабдықталуы" атты тақырып талқыланып, оған қатысқан білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова тапсырыс беру жүйесі қалай өзгеретінін түсіндірді.

"Бұрын білім беру басқармасы колледждерге мемлекеттік тапсырыс беретін, мысалы, бір колледжге 200-300 тапсырыс беретін.  Жаңа механизм жоғары оқу орындарына берілетін мемлекеттік тапсырыс және "Балапан" бағдарламасына ұқсас, талапкерлер түсетін колледждер мен мамандықтарды өздері таңдайды", - дейді Бибігүл Асылова.

Вице-министрдің айтуынша, барынша көп жастарға кәсіптік және техникалық білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл 2017 жылдан бері іске асып келе жатқан "Баршаға тегін техникалық және кәсіптік білім" жобасы аясында жүргізіледі.

"Бұл жоба бойынша 300 мың адам алғашқы мамандығын тегін алды", - дейді вице-министр Б.Асылова.

Қазіргі кезде 9-сыныпты бітіргендердің 30 пайызы колледждерге ақылы бөлімге түсетін көрінеді. Сондықтан жергілікті атқарушы органдармен бірігіп техникалық және кәсіптік білім алуды қалайтын жастарды жүз пайыз тегін біліммен қамтамасыз етуді жоспарлап жатырмыз. Ол үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс көлемін 20 мыңнан 50 мыңға дейін арттырамыз", - деді Б.Асылова.

Осылайша 9-сыныптан кейін кәсіптік-техникалық білім аламын деушілер тегін оқи алатын болады.

Айтпақшы, министрлік колледждерге академиялық еркіндік беріп жатыр. Ол бойынша, 2021 жылы колледждердің білім беру бағдарламалары жаңартылмақ. Колледждерге 9-сыныптан кейн түсетін студенттер бұрынғыдай 3,6 жыл емес, 2 жыл оқи алады. Ал 11-сыныптан кейін түскендер колледжді бұрынғыдай 2,6 жыл емес, бір жарым жылда бітіріп шыға алады. Сонымен қатар колледждерге түсу үшін сынақ емтихандары алынып тасталмақ. Бірақ педагогикалық, шығармашылық және медициналық мамандықтарда сынақ емтиханы өткізіледі.

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады