М.Әйтенов: бұқаралық спортты дамытуда – жастар лигасының маңызы зор

  • 16.04.2021

Қаладағы білім саласына, оның ішінде спортқа көп көңіл бөліп жүрген қала әкімі бүгін білім басқармасы басшысының есебін тыңдап,  «Шымкент Жастар Лигасы» жарысының өтілу барысымен танысты.

Жалпы, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында осы жылдың наурыз-маусым айлары аралығында «Шымкент Жастар Лигасы» жарыстары спорттың 4 түрінен (футбол, волейбол, баскетбол, шахмат) өткізілуде.

Әр ауданға қарасты мектептер төрт топқа бөлініп, өзара сынасып, топ жеңімпаздарын анықтайды. Аудандардағы ойындардан соң өз тобынан жеңімпаз болып шыққан 16 мектептің командалары мамыр айында1/8 финалда ойындарды жалғастырады. Баскетбол, волейбол, футбол жарыстарының жеңімпаздары маусым айында Қала күні мерекесінде марапатталады.

Ал шахмат жарысы қыркүйек айында бастау алады. Сонымен бірге, өз мектебінің командасына жігер беріп, рухын көтеру мақсатында мектеп жанынан фан-клубтар құрылды.

Пандемия денсаулық қадірін ұғындырды. Перезидент тапсырмасына сәйкес қалада бұқаралық спортты дамытуымыз керек. Бұл мақсатта қолға алынған Жастар Лигасының маңызы зор. Жастар арасында спортты дәріптеуді одан әрі жетілдіре түсу қажет, деді қала басшысы.

 

Байланысты жаналықтар

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

25.04.2024

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.