«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Malim Админ

  • 07.04.2024

Конференция аясында университет факультеттерінде жүзден астам секция жұмыс істеді. Секциялар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізілді. Конференцияға әртүрлі ғылым салаларының жас зерттеушілері арасында ғылыми идеялар алмасу алаңы түрінде 300-ден астам жас зерттеушілер қатысты. 

Жалпы, «Фараби әлемі» конференциясы 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу және оқу-ағарту қызметін дамыту, жас ғалымдардың ғылым саласындағы өзекті мәселелерді шешуге қатысты  ұсыныстарын тыңдау, әрі талантты жастарды қолдай отырып интеллектуалды орта қалыптастыру.

Конференцияда ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы бағыттағы  секциялар бойынша баяндамалар тыңдалды. Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да университетіміз үшін маңызды шараға белсенді атсалысты. Кафедра атынан қатысқан жас ғалымдар қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отырған қылмыстық іс жүргізу саласындағы түйіні жоқ түйткілдерді айтып, сот жүйесіндегі маңызға ие тақырыптарды талдап өтті.

«Сот билігі мен қылмыстық процестің өзекті мәселері» секциясы аясында көптеген пікірлер тыңдалып, баяндамалар оқылды. Секция Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығын, соттар мен құқық қорғау органдарының тәжірибесінде қылмыстық іс жүргізудің императивті нормаларын, кеңестік және посткеңестік қылмыстық процестің доктринасының қайнар көздерін, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін елеулі түрлендіруге бағытталған теориялық әзірлемелер бойынша ұсыныстарды талдауды  және қолдануды көздейді.

Процестік доктринаның соттардың, құқық қорғау органдарының және адвокаттардың практикалық қызметінде қалай көрініс тапқанын, қандай процестік теорияның элементтері тәжірибеде қолданылмайтынын немесе тәжірибеші заңгерлер мен сот қоғамдастығы белсенді түрде қабылдамайтынын анықтау жоспарланды.

Конференцияға қатысушылар баяндамаларында тәжірибеде кездесетін өзге де даулы мәселелерге назар аударды. Тұрақты даму мақсаттарының  бірнеше аспектілері де жас ғалымдар арасында баяндалып өтті. Дәстүрлі түрде өтетін шара шеңберінде студенттердің инновациялық жобаларының көрмесі  де ұйымдастырылған болатын. Көрмеге жиналғандар ҚазҰУ студенттерінің барлық салада жасалған заманауи инновациялық жұмыстарын тамашалады. Конференция жұмыстары қорытындысы бойынша материалдар жинағы жарыққа шығару жоспарланған.

Конференцияға Индонезия, Корея, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. елдерден келген сарапшы-ғалымдар қатысты.Байқау жеңімпаздарын университет ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтап, жас ғалымдардан болашақта үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Жанибеков А.К Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессор м.а.,Phd докторы

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік