freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Айтулы оқиға: «Ырыс Ордо» мемлекеттік конгресс-орталығы ашылды

Мәдениет
Айтулы оқиға: «Ырыс Ордо» мемлекеттік конгресс-орталығы ашылды
Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан астанасы Бішкекте «Ырыс Ордо» мемлекеттік конгресс-орталығы ресми түрде ашылды. Нысанның ашылу рәсіміне Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысты.

Жаңа кешен Бішкектегі Шыңғыс Айтматов даңғылының бойында, бұрынғы ВДНХ аумағында, президент әкімшілігінің «Ынтымак Ордо» ғимаратына жақын орналасқан. Оның аумағы – 14,7 гектар, ал ғимараттың жалпы ауданы 39 мың шаршы метрден асады.

«Ырыс Ордо» халықаралық саммиттер, форумдар, ресми қабылдаулар, мемлекет басшыларының кездесулері мен жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізуге арналған. Кешенде 1238 орындық «Құрылтай» конференц-залы, 1000 адамға арналған банкет залы және 235 орындық баспасөз залы бар. Сонымен бірге жоғары деңгейдегі кездесулерге арналған келіссөз бөлмелері қарастырылған.

Кешеннің ерекшелігінің бірі – оның аумағында ресми делегациялар мен жоғары лауазымды қонақтарға арналған 8 жеке қонақ үйінің салынуы. Олар тұрғын және жұмыс бөлмелерімен, кездесу және демалыс орындарымен жабдықталған. Қырғызстан президентінің мәлімдеуінше, бұл қонақ үйлерді болашақта коммерциялық негізде де пайдалануға болады.

«Ырыс Ордо» толықтай мемлекет қаражаты есебінен салынған. Нысанның құрылысын 2024 жылдың соңында бастаған, ал құрылыс жұмыстары 2026 жылдың тамызында аяқталған.

Жаңа орталықтың алғашқы ірі халықаралық шараларының бірі – Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті. Саммит 2026 жылғы 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Бішкекте өтеді және негізгі шаралардың «Ырыс Ордо» кешенінде ұйымдастырылуы жоспарланған.

Қырғызстан президентінің ресми сайтында «Ырыс Ордо» мемлекеттік конгресс-орталық ретінде көрсетілген. Яғни оны президент резиденциясы немесе жеке резиденциялар кешені деп атау дұрыс емес. Оның негізгі міндеті – халықаралық және мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды өткізу, ал кешендегі сегіз қонақ үйі жоғары мәртебелі қонақтарды орналастыруға арналған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу