Арон Атабек ауруханаға түсті

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 05.10.2021

Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, жуырда ғана денсаулығына байланысты бостандыққа шыққан Арон Атабек ауруханаға түсті. Бұл хабарды фейсбукте қоғам белсендісі Ғабиден Жәкей жазды.

«ШҰҒЫЛ!!!

АРОН ағаны жедел жәрдем көлігімен Бауыржан Момышулы 1/55 мекен жайдағы, жаңадан соғылған "Саялы" ковидорталығына әкетіп бара жатырмыз.

Халайық, журналистер, қоғам белсенділері келіп, қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!!!», - деді Ғ. Жәкей.

Естеріңізде болса, Қазанның 1-і күні Павлодар қалалық №2 cоты Арон Атабектің денсаулығына байланысты жазасын жеңілдету жөніндегі түрме әкімшілігінің өтінішін орындады.

Сот ақпараты бойынша, дәрігерлер Арон Атабектің емі жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдануы) ұшырағанын анықталған. Сот Арон Атабектің бостандығын шектек жазасын 1 жыл пробациялық бақылау орнату жазасына ауыстырған.

Арон Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Құқық қорғаушылар осыдан бір апта бұрын диссиденттің ауруханаға түскенін хабарлаған. Оның алдында Қазақстандағы Ұлттық алдын алу тетігі өкілдері Арон Атабектің денсаулығы нашар екенін мәлімдеген. Осыдан кейін құқық қорғаушылар әлеуметтік желіде 2,5 мың адамның қолын жинап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арон Атабекті рақымшылықпен босатуды сұрап хат жолдаған.

15 жыл түрмеде отырған Арон Атабек осы уақытқа дейін мерзімінен бұрын босату өтінішін жазудан бас тартып келген. Ол бостандыққа шыққан соң түрмеде өткізген жылдарына өтемақы талап ететінін мәлімдеген.

Байланысты жаналықтар

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

26.04.2024

Мұқағали жырлары неге өміршең?!

09.02.2024

Өзіңді елің сағынды, Фариза апа

25.12.2023

Осы жұрт Нұтфолланы біле ме екен?!

11.11.2023

Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

16.10.2023

Алтайдың мөлдір тамшысы

14.10.2023
MalimBlocks
Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Мұқағали жырлары неге өміршең?!

Бейне бір бағзы мен бүгіннің арасында жүргендей, шаңқай түсте ымыртқа кіргендей, қырғын-дулы ортадан қорымға тап болғандай бейдауа күйге түсесің

Өзіңді елің сағынды, Фариза апа

Шындықты сүйген жүрегі қай ортада да қақыратып шын сөйлететін

Осы жұрт Нұтфолланы біле ме екен?!

Нұтфолланың әкесі де 1936-1938 жылғы «халық жауларын» әшкерелеу қызыл науқанына ілінеді

Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

Қаламгер ауыр науқаспен арпалысып, көз жұмды

Алтайдың мөлдір тамшысы

Бақытжанның өлеңдерін оқысаңыз, жаныңыздың сәулесі өзіңізден шығып, айналаны да жылыта алады