Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

Қаламгер ауыр науқаспен арпалысып, көз жұмды

Malim Админ

  • 16.10.2023

Айтулы ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Несіпбек Айтұлы ауыр науқастан 73 жасында өмірден өтті.

Ақын 1950 жылғы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2012ж), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011), «Парасат» орденінің иегері (2004). 

Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген.

1974-1984 жылдары «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984-1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995-1996 жылдары «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997-2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын, поэзия бөлімінде, «Жұлдыз» журналы поэзия бөлімінде меңгерушісі болып жұмыс істеген. 

2001 жылы Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет етті, Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы музей директоры болды. Соңғы жұмыс орны – Астана қалалық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау орталығының басшысы.

Байланысты жаналықтар

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

18.04.2025

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

09.04.2025

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық өлеңдері

01.12.2024

Мұхтар Шаханов: Менің жындылығымнан қазақ тілі – мемлекеттік тіл болды

26.11.2024
MalimBlocks
Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

Ол келмеген қонақтарына да ренжулі екен.

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық өлеңдері

Тоқтарәлі Таңжарық 1982 жылы ҚХР, Шыңжаң өңірінде дүниеге келген. «Түн парақтары» кітабының авторы. Ақын, журналист. "Дала мен Қала", "Қазақ Әдебиеті" газеттерінде жауапты қызмет атқарған. Қазір "Түркістан" басылымы редакторының орынбасары. Тоқтарәлі «Серпер» жастар сыйлығының иегері. Ақын өлеңдері «Еуропа ақындарының конкурсы» аясында поляк тілінде кітап болып жарық көрген. Тоқтарәлі Таңжарық Польшада өткен конкурсқа бүкіл Орта Азиядан Қазақстан атынан қатысқан бірден-бір ақын.

Мұхтар Шаханов: Менің жындылығымнан қазақ тілі – мемлекеттік тіл болды

Әлеуметтік желіде ақынның осылай деп айтқан видеосы таралды