Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұсылман мэр еврей министрдің ашуын келтірді

Әлем
Мұсылман мэр еврей министрдің ашуын келтірді
Нью-Йорктің жаңа мэрі Зохран Мамдани. © BBC - Adam Gray/Bloomberg via Getty Images

Бұл туралы DW - Неміс толқыны хабарлайды.

Нью-Йорктегі мэр сайлауында 34 жастағы демократ мұсылман Зохран Мамдани жеңіске жеткеннен кейін, X. әлеуметтік желісінде Израильдің диаспора мәселесі және антисемитизммен күрес министрі Амихай Шиклидің жазбасы шықты.

Министрдің пайымдауынша,

"Нью-Йорк, әсіресе еврей қауымға - енді ешқашан баяғыдай болмайды. Сондықтан, Израиль жерін өзінің жаңа үйі қылуға асығуы керек".

Министр сонымен бірге:

"Нью-Йорк көзін бақырайтып қойып тұңғиыққа кетіп бара жатыр, осылайша Лондонның кебін кимек"

деген екен.

DW - Неміс толқыны басылымы Лондонның мэрі де мұсылман екеніне нұсқайды. 2016 жылы Ұлыбританияның астанасының мэрі болып мұсылман Садық Хан сайланған болатын.

Бұған қоса, Израиль министрі жаңа мэрдің Хамасты жақтайтынына нұсқаған екен.

"25 жыл бұрын Нью-Йорктің 3 мың азаматының өмірін қиған жиһадшылардан айырмашылығы аз", - 

депті Амихай Шикли.

Нью-Йоркте 1.3 млн-дай еврей тұрады екен. Ол әлемде Израильден тыс жердегі еврейлердің ең үлкен қауымдастығы көрінеді. Мэр болып Зохран Мамданидің сайлануы АҚШ президенті Дональд Трамптың да ашуын келтірген. Ол Нью-Йоркті қаржыландыруды қысқартамын деп қоқан-лоқы көрсетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу