Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сенатор Абзал Құспанның көп әйел алуды заңдастыру туралы ұсынысына пікір білдірді

Қоғам
Сенатор Абзал Құспанның көп әйел алуды заңдастыру туралы ұсынысына пікір білдірді
Gov.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның көп әйел алуды заңдастыру туралы ұсынысы қоғамда қызу талқыға түсті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда бұл құбылыс заңмен тыйым салынғанына қарамастан, іс жүзінде бар, ал оны заңдастыру әйелдердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеп  Malim.kz  хабарлайды.

Сенат депутаты Жанна Асанованың айтуынша, неке институты Конституцияда нақты бекітілген, онда неке – ер мен әйелдің одағы екені көрсетілген. Сондықтан басқа пікірлер жекелеген адамдардың жеке көзқарасы. 

Асанова қазіргі зайырлы неке жүйесін сақтауды жөн санайтынын, ал көп әйел алушылықты қолдамайтынын айтты.

"Мен неке қатынастарының зайырлы болуын қолдаймын", - деді ол.

Сенатор Әсем Рахметова Қазақстанда отбасы институты бар екенін айта келе, көп әйел алуды қолдамайтынын мәлімдеді.

“Бізге халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған заңдарды күшейту керек. Тоқал алудан гөрі мектеп салу, жол жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету деген секілді мәселелер тезірек шешімін табу керек. Азаматтарымызға, елдің болашағы үшін сол маңызды дер едім. Абзал Құспан заңгер ретінде әйел мен бала құқығын қорғау тұрғысынан айтып отыр. Кейбір жалғызбасы әйел, жесірлердің ешқандай жеңілдік ала алмайтынына қарасаң, адами тұрғыдан заңдастырған да дұрыс секілді көрінеді. Бірақ дәл қазір бұл өзекті мәселе емес. Біз отбасы құндылықтарын дәріптейтін мемлекетпіз. Онда ер мен әйелдің орны, теңдігі, бала тәрбиесі анық айтылады. Өз басым көп әйел алуды қолдамаймын. Отбасы институтының сақталуын қолдаймын”,- деді ол.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қазақ қоғамындағы бар нәрсенің бәрін заңдастыру ақылға қонымсыз деп атады.

“Қоғамда бар нәрселердің барлығын заңдастыру ақылға қонымсыз. Мысалы біздің қоғамда жемқорлық бар, енді оны заңдастыруымыз керек пе? Отбасы мәселесін заңнамалық тұрғыдан жақсы талқылауға болады. Бірақ, тоқал, төсектің айналасындағы әңгімелердің тіпті Мәжіліске кіруіне қарсымын. Тоқалдан туған балаларға көмек талап етсе, туу туралы куәлігінде әкесі жазылған, әкесі алимент төлеуге міндетті. Төлемесе заңға береді. Бәрі заңмен реттелген. Көп әйел алуды заңдастыру бұл ұсыныс емес, жеке адамның ойы”, – деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан көп әйел алуды заңдастыру туралы айтқан болатын. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу