Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украинада Ресей сарбазы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Әлем
Украинада Ресей сарбазы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: Hanna Sokolova-Stekh/DW

Ресей әскери қызметшісі Дмитрий Курашов 2024 жылдың қаңтарында Запорожье облысында Украина Қарулы күштерінің позицияларына шабуыл кезінде украиналық соғыс тұтқынын өлтіргені үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы 6 қарашада Запорожье қаласының Завод аудандық соты шешім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Үкімді судьялар алқасы – Ольга Погребная, Алла Завиновская және Руслан Синельник шығарған. Курашов бұл шешімге бір ай ішінде апелляция бере алады.

Айыптау тарабының прокуроры Никита Маневский ең қатаң жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Айыпталушының қылмысқа көзқарасы туралы айту қиын, себебі ол ешқандай түсініктеме бермеді. Алайда оның сот процесі барысында ешқандай өкініш білдірмегені байқалды – тек бейжайлық танытты», – деді прокурор.

Курашовтың өзі сотта жауап беруден бас тартқан. Оның адвокаты Анна Карпенко болса, айыпталушы «істеген ісіне сын көзбен қарап, шын өкінеді және тергеуге көмектесті» деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Курашов шабуыл алдында тұтқындармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы бұйрық алмаған, керісінше, «ешкімді тұтқынға алмау» жөнінде нұсқау болған.

«Сондықтан ол өз әрекетін бұйрықты орындау деп санаған болуы мүмкін», – деді қорғаушы.

Адвокат сондай-ақ Курашов сол сәтте күйзеліс жағдайында болып, украиналық әскердің берілгенін түсінбей қалғанын айтты. Ол ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.

26 жастағы Курашов («Сталкер» деген лақап атпен белгілі) соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу және әдейі кісі өлтіру баптары бойынша айыпталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, 2024 жылғы 6 қаңтар күні таңертең Курашов болған Ресейдің «Шторм-V» тобы Запорожье облысы Полог ауданының Приютное ауылындағы украин позицияларына шабуыл жасаған. Бұл бекіністерді Украина аумақтық қорғаныс күштерінің 127-бригадасы қорғаған.

Позиция басып алынған соң, украиналық 41 жастағы сарбаз Виталий Г. қаруын тастап, қолын көтеріп, Курашовтың талабымен тізерлеп отырған. Алайда айыптау актісінде жазылғандай, Курашов тұтқынды кемінде үш мәрте атып өлтірген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу