Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Құдалығымыз мың жылдық болсын": Мақпал Жүнісова қуанышты хабарын жеткізді (ВИДЕО)

Қоғам
"Құдалығымыз мың жылдық болсын": Мақпал Жүнісова қуанышты хабарын жеткізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Құдалығымыз мың жылдық болсын! Мақсат немереңіз үлкен азамат болсын", – деп жазды өнер иесі.

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова – қазақ эстрадасының ең жарқын жұлдыздарының бірі, драмалық сопрано иесі. Ол 1994 жылы Қазақстанның халық әртісі, 1999 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Жас кезінен-ақ үлкен жетістіктерге жеткен әнші 22 жасында – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ал 31 жасында – халық әртісі атағын иеленді. Ол халықаралық байқауларда бірнеше мәрте бас жүлдеге ие болып, өнер сүйер жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген.

1981 жылдан бастап "Қазақконцерт" құрамында еңбек етіп келе жатқан Жүнісова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін тәмамдаған, кейін профессор атағын иеленді.

Өнерге деген таланты бала кезінен байқалған әнші музыка мектебінде кәсіби білім алған. Ол тек Қазақстан сахнасында ғана емес, шетелде де өнер көрсетіп, түрлі елдердің беделді марапаттарына ие болды.

Мақпал Жүнісова – "Азия дауысы" фестивалінің екі дүркін жеңімпазы, сондай-ақ "Платиновый Тарлан", "Алтын Адам", "Сахна ханымы" секілді беделді сыйлықтардың иегері.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу