Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда тарақан қаптап кеткен балабақша тексеріліп жатыр

Қоғам
Алматыда тарақан қаптап кеткен балабақша тексеріліп жатыр
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматы білім басқармасына қарасты «№ 29 бөбекжай-балабақшада» тарақандар жүргені туралы видео тарады, деп хабарлайды Malim.kz. 

 Бейнежазба авторы балабақша асханасында тарақандардың өріп жүргенін түсіріп алған.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, видеоны шамамен 2025 жылғы қыркүйек айында «Батыр KZ» күзет ұйымының қызметкері түсірген.

Ведомствоның хабарлауынша, балабақша мен «Өндірістік кооператив» ЖШС арасында жасалған келісімшарт аясында ғимаратта дезинфекция және дератизация жұмыстары тоқсан сайын жүргізіліп отырады. Сондай-ақ балабақша маңында орналасқан қоқыс жәшіктері жәндіктердің пайда болуына және таралуына себеп болуы мүмкін.

— Қазір Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ал Алматы білім басқармасы № 29 балабақшаның қызметіне жан-жақты мониторинг жүргізеді, — делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу