МӘМС бойынша диагностикалық зерттеулер мен күрделі оталар тегін жасалады

Malim Админ

  • 28.10.2021

Бүгінде қазақстандықтардың шамамен 98 пайызы мміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары. Еліміздің ауруханалары науқастарға екі пакет бойынша – МӘМС пен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қызмет көрсететіні белгілі. МӘМС қатысушыларына өзге де жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, МӘМС бойынша МРТ, КТ, ИФТ, ПТР секілді зерттеулер толығымен тегін көрсетіледі.

Сондай-ақ МӘМС бойынша кері байланыс жолға қойылған. Егер науқасқа дәрігер қандай да бір тегін көмек көрсетпесе, ол адам МӘМС-тің бірыңғай байланыс орталығы – 1406-ға телефон соғып, шағымдана алады.

Тағы бір жеңілдік, егер қандай да бір аймақтың тұрғыны басқа аймаққа барып ем алатын болса,  МӘМС аясында ол тегін көрсетіліп қана қоймай, адамның жол шығыны өтеледі.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, басқа аймаққа барып емделетін науқастардың жолақысына жеңілдіктер жасалмақ. Бұл жолақы жеңілдігі пойыз немесе автокөлік билетіне қарастырылған. Оның айтуынша, астаналықтар басқа аймақтармен салыстырғанда көбіне Алматыға барып ем алады.

«Елордада кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін аясында жоғары технологиясы медициналық қызметке мұқтаж жандарға тегін және жеңілдікпен жол ақысын өтеу қарастырылған. Яғни елорда тұрғыны басқа қалаға барып ем алса, оның жолақысына жеңілдік жасалады немесе бюджет есебінен толық өтеледі», - деді Тимур Мұратов.

Биылдың өзінде басқа қалаға барып ем алатын астаналықтардың жол ақысын өтеуге 2 миллион теңге бөлінген.

МӘМС-ке қатысушылар  қажет болған жағдайда кез келген уақытта медициналық сақтандыру пакетіндегі қызметтерді ешбір шектеусіз пайдалана алады. Оның ішінде бағасы қымбат диагностикалық қызмет түрлері мен күрделі оталар да бар. Мәселен, МӘМС бойынша жүрек, бауыр, бүйрек алмастыру, мидағы ісікті сылып алу, тұқым қуалайтын және жүйелік ауруларды, лейкоз, эндокриндік жүйедегі ақауларды емдеу, жүрекке, өзге де ағза мүшелеріне жасалатын аса күрделі хирургиялық оталар тегін жасалады.

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады