Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылады

malim Авторы: malim
17.03.2020
Share on FacebookShare on Twitter

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы үкімет жетекшісінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады”, ­-  делінген үкімет хабарламасында.

Қазіргі уақытта елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 32 адамға жетті.

19 наурызда сағат 00:00-де енгізілетін шаралар мыналарды қамтиды:

– карантинді енгізу және ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;

– карантин аймағының периметрін белгілеу және оған кіру/одан шығу пункттерін анықтау;

– адамдардың қозғалысын, сондай-ақ көлік құралдарының кіріп/шығуын шектеу;

– үш санат: ауруды жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантиндегілер санаты бойынша арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

– халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуіне оңтайлы болуы үшін, азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қалалар аумағының секторларын және олардың шекараларын анықтау;

– қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату;

– азық-түліктік емес сауда базарларының жұмысын, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын уақытша тоқтата тұру; – санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып, «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану нысандарының жаңа жұмыс режимін белгілеу;

– ХҚКО-ның жұмыс режимін қайта ұйымдастыру;

– карантиндік аймақтардағы халықтың және әрбір сектордың азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, тіршілікті қамтамасыз ету заттары мен алғашқы қажеттілік тауарларына тәулік сайынғы қажеттілігін анықтау;

– карантиндік аймақтың әрбір секторы үшін қоғамдық көлік қозғалысын барынша шектеуді ескере отырып, сауда және азық-түлікпен әрі алғашқы қажетті тауарларымен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау;

– ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да шаралар.

Фото: liter.kz

Ұқсас жазбалар

Фото: Prosprots.kz

Мәдениет министрі орынбасарының не үшін ұсталғаны айтылды

Авторы: malim
26.02.2021
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғанын растады. Бұл туралы бүгін өткен брифигіде агенттіктің...

Солдан оңға қарай: Қазбек Бейсебаев, Айдос Сарым және Айдар Әлібаев

“Әділ сайлау өтсе, бірде-бір әкім орнында қалмайды”

Авторы: malim
26.02.2021
0

Бүгін ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Тоқаев 2024 жылдан бастап аудан әкімдері тікелей сайланатынын мәлімдеді.  Сарапшылардың бірі бұл  бастама...

Аналар үш күннен бері Нұр-Сұлтан әкімдігіне түнеп жүр

Авторы: malim
25.02.2021
0

Бір топ әйел үш күннен бері Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне түнеуде. Олар талаптары орындалмайынша ешқайда кетпейтіндерін айтуда. Аналар биліктен «ана мен...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Сәлімовтің «сақалды» саябағы

23.10.2020

Абай. Жасымда ғылым бар деп ескермедім…

06.01.2021
Мұхтар Құл-Мұхаммед

Құл-Мұхаммед Тоқаевты мақтап, Назарбаев құрған одақты сынады

24.09.2020

Коронавирустан қырыққа жуық аяғы ауыр әйел көз жұмды

21.07.2020
Ғалым Тұрсын Жұртбай

«МЕН ДЕ ОНЫ ТЫРНАҒЫНАН ТАНЫДЫМ…»

06.02.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!