Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

Айшолпан КЕРІМ

  • 28.12.2021

5 қаңтардан бастап Ashyq қосымшасында "көк" мәртебесі бар азаматтарға сауда ойын-сауық орталықтарына, банктерге, халыққа қызмет көрсету орталықтарына және Қазпошта бөлімшелеріне кіруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев мәлімдеді.

"Төмендегі мекемелердің кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша профилактикалық шараларды енгізу ұсынылады:

- сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері;
- спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтары, йога орталықтары;
- караоке;
- бассейндер, сауналар, ванналар;
- банктер.

"Қазпочта" АҚ бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ashyq-та "жасыл" мәртебеге ие тұлғалар ғана кіре алады", - деді Бүркітбаев Үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды.

Шенеуніктің сөзінше, бұл шараның бәрі елдегі эпидахуалдың өршуінен сақтайды.

"Вакцина қарқынын арттыру, халықты жаппай ревакцинациялау, сондай-ақ ұсынылған эпидемияға қарсы шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына жол бермейді", - деді Бұркітбаев.

Оның айтуынша, қазір 9,2 миллион адам ревакцинациялануы керек, оның ішінде 400 мыңнан астам адам ревакцинациядан өткен.

Байланысты жаналықтар

Жаңа қаулы: енді ревакцинация баршаға міндетті

24.05.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

13.09.2021
MalimBlocks
Жаңа қаулы: енді ревакцинация баршаға міндетті

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Алексей Цой қызметінен босатылды 

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған