Жаңа қаулы: енді ревакцинация баршаға міндетті

Айшолпан КЕРІМ

  • 24.05.2022

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова ревакцинацияға қатысты жаңа қаулыға қол қойды. 

"Қазақстанның аумағында үш және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирусқа қарсы ревакцинацияға жатады", - делінген аталған қаулыда.

Коронавирусқа қарсы ревакцинация алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға салынады.

Ревакцинация алгоритмінің 130-тармағына келесідей өзгертулер енгізілді: 

  • Коронавирусті жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар коронавирусқа қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:
  • медицина қызметкерлері;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
  • күш құрылымдарының қызметкерлері;
  • педагогтар;
  • пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
  • 50 жастан асқан адамдар.

Аталған қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Байланысты жаналықтар

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы көбейеді

01.07.2024

Бектенов қаулыға қол қойды: Орман және табиғат қорғау қызметкерлерінің жалақысы өседі

01.07.2024

Парламент депутаттары каникулға кетті

28.06.2024

Үкімет аппаратының штаты кеңейтілді

19.06.2024

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

30.05.2024

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

04.05.2024
MalimBlocks
1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы көбейеді

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды.

Бектенов қаулыға қол қойды: Орман және табиғат қорғау қызметкерлерінің жалақысы өседі

Барлығы 3 300-ге жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылатын болады.

Парламент депутаттары каникулға кетті

Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

Үкімет аппаратының штаты кеңейтілді

Қаулы 2024 жылғы 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Бұл ретте қала аумағында тарихи-мәдени мұра объектілеріне қауіп төндіретін құрылыс, шаруашылық қызметті жүргізуге тыйым салынады.

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.