Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда бензин мен дизель қымбаттады

Экономика
Қазақстанда бензин мен дизель қымбаттады
Фото: pixabay.com

Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттары бензин мен дизель отынының бағасын көтерді, деп хабарлайды Malim.kz.

LS мәліметінше, ел бойынша жанармай құны орта есеппен 2 пайызға артқан. Бағаның өсуіне мұнай шикізатының қымбаттауы негізгі себеп болып отыр.

2025 жылдың желтоқсанында ел аумағында бір тонна шикі мұнайдың орташа бағасы 100,8 мың теңгеге жетіп, бір жылда 2 пайызға өскен. Алайда жекелеген өңірлерде өсім бұдан әлдеқайда жоғары.

Маңғыстау облысында мұнай бағасы бірден 11,5 пайызға көтеріліп, тоннасы 114,3 мың теңге болған. Қызылорда облысында өсім 8,7 пайызды құрап, баға 116,6 мың теңгеге жетті. Ал Ақтөбе облысында бір тонна шикі мұнай 4,5 пайызға қымбаттап, 120,4 мың теңгеден сатылған.

Шикізат бағасының көтерілуі жанармай құнына тікелей әсер етті. Соңғы бір жылда бензин бағасы 19,3 пайызға өсіп, бір тоннасының орташа құны 197,7 мың теңгеге жеткен.

Жазғы дизель отыны 15,7 пайызға қымбаттап, тоннасы 261,6 мың теңге болса, қысқы дизель отынының бағасы 2,8 пайызға өсіп, 231,7 мың теңге деңгейінде қалыптасты.

Мамандардың айтуынша, мұнай бағасының өсуі тоқтамаса, жанармай құны алдағы уақытта да қымбаттай түсуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу