Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

8 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды

Экология
8 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды
Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері еліміздің үш ірі мегаполисі мен 15 облысында дауылды ескерту жариялады. Тұман мен көктайғақ жолдардағы қозғалысты қиындатуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Мегаполистердегі жағдай

Еліміздің бас қалаларында негізгі қауіп — көріну деңгейінің төмендеуі.

Астанада түнде және таңертең қалың тұман түседі.

Алматыда түнде және таңертең мезгіл-мезгіл тұман күтіледі.

Шымкентте тұман басып, көріну қашықтығы қысқарады.

Солтүстік пен шығыста қар мен боран болады

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында нағыз қысқы ауа райы орнамақ.

СҚО мен Петропавлда күндіз қар жауып, боран соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

ШҚО (Өскемен) және Абай облысында (Семей)қар жауып, боран соғады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Павлодар мен Қостанай облыстарында қар аралас боран соғып, жел күшейеді.

Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарында қалың тұман басады.

Батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады

Батыс және оңтүстік өңірлерде ауа температурасының құбылуына байланысты жолдарда қауіпті жағдай қалыптасады.

БҚО (Орал) және Атырауда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Жолдарда көктайғақ орнап, боран соғады.

Ақтөбе облысында түнде облыстың солтүстігі мен батысында жолдар мұзбен қапталады.

Жамбыл облысында (Тараз) жағдай күрделі — тұман мен көктайғақтан бөлек, желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Түркістан және Алматы облыстарында (Қонаев) таулы аймақтар мен оңтүстік аудандарда тұман түсіп, жел күшейеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу