freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Спорт
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Азия ойындарында тарихи жетістікке жетіп, ел спортында осы доданың алты дүркін чемпионы атанған алғашқы спортшы болды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұған дейін Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алған еді. Бүгін ол командалық сайыста да қарсыластарынан озып, Қазақстан құрамасына тағы бір алтын жүлде сыйлады.

Жарыста тағы бір қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров екінші болып мәреге жетіп, күміс медаль иеленді.

Қазақстандық спортшылар стендтік атудан да жүлдеге қол жеткізді. Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаевадан құралған команда күміс медаль жеңіп алды.

Жеңіл атлетикадан Кристина Морозова спорттық жүрістен екінші орын алып, Қазақстан қоржынына тағы бір күміс жүлде қосты.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде 14 медаль бар. Оның алтауы – алтын, үшеуі – күміс, бесеуі – қола.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу