freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Айдана Меденова "КешYOU" концертіне неге қатыспағаны белгілі болды

Шоу-бизнес
Айдана Меденова "КешYOU" концертіне неге қатыспағаны белгілі болды
Фото: malim.kz

Айдана Меденова мен Бағым Мақсатқызы әлеуметтік желіде бірге көрініп, соңғы күндері қызу талқыланған әңгімеге жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұған дейін Астанада "КешYOU" тобының 20 жылдығына арналған концерт өткен еді. Алайда топтың бұрынғы мүшесі Айдана Меденова мерейтойлық кешке қатыспады.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде әншіге қатысты сын көбейіп, кейбір оқырман оны кезінде өзі өнер көрсеткен "КешYOU" тобын және бұрынғы құрамды қолдамады деп айыптады. Айдананың концертке келмеуінің себебіне қатысты да түрлі болжам тарады.

Алайда Бағым Мақсатқызы сторисінде Айдана Меденовамен бірге видео жариялап, олардың қазір ортақ жобаға қатысып жатқанын көрсетті.

"Қайырлы таң! Біз Айданамен жаңа жобадамыз. Ал сіздер болсаңыздар неше түрлі әңгіме таратып жатырсыздар", – деді Бағым Мақсатқызы.

стористан скриншот


Айдана Меденова да өз кезегінде жұмыс кестесінің алдын ала, шамамен жарты жыл бұрын жоспарланатынын айтты. Сондай-ақ ол үш баланың анасы екенін атап өтіп, барлық шараға қатысуға мүмкіндігі бола бермейтінін түсіндірді.

Өнер иесі жақын арада "Хабар" телеарнасынан көрінетінін де айтып, жаңа жобаның жай-жапсарын әзірге ашпады.

Осылайша, Айдана Меденова мен Бағым Мақсатқызының бірге көрінуі әншінің "КешYOU" тобының 20 жылдық концертіне қатыспауына байланысты тараған әңгімелерге жауап болды.

Еске салайық, 19 қыркүйекте Астанадағы "Барыс Аренада" "КешYOU" тобының 20 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті. Кешке қатысқан көрермендердің айтуынша, шоу жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сахналық қойылымдар, әртістердің образдары мен костюмдері, жарық пен музыкалық безендіру көпшіліктің көңілінен шыққан. Әлеуметтік желіде де концерттен әсер алған көрермендер кештің атмосферасын жоғары бағалап, ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға жылы пікірлерін білдірді.

Айдана Меденова кім?

Айдана Меденова – қазақстандық әнші, "КешYOU" тобының бұрынғы мүшесі. Ол 1991 жылғы 28 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Музыканттар отбасында өскен әнші бала кезінен музыкамен айналысып, фортепиано және скрипка аспаптарын меңгерген. Алматыда интерьер дизайнері мамандығы бойынша білім алған. 

Айдана Меденова көпшілікке "КешYOU" тобы арқылы кеңінен танылды. Ол Жанар Дұғалова және Кәмшат Жолдыбаевамен бірге өнер көрсеткен құрам тыңдармандар арасында топтың "алтын құрамы" ретінде аталып жүр. 

2015 жылы әнші продюсер Әлішер Нұржановқа тұрмысқа шықты. "КешYOU"-дан кеткеннен кейін жеке шығармашылығын жалғастырған Айдана Меденова кейін біраз уақыт сахнадан алыстады. 2026 жылы әнші сахнаға қайта оралғанын айтып, шығармашылық үзілісінің себептері туралы да сұхбат берген

Қазір Айдана Меденова – үш баланың анасы әрі шығармашылық жобаларға қатысып жүр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу