freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанды

Спорт
Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото:Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы

22 жастағы қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі аралас жекпе-жектен (ММА) modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шықты.

ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алған екінші қазақстандық атанды.

Қадырбек Шынбаев бұған дейін де халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен. 2026 жылдың қаңтарында ол ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанды.

Құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерін жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізген.

Осылайша, 22 жастағы Қадырбек Шынбаев бір жылдың ішінде құрлықтық деңгейдегі екі ірі додада топ жарып, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу