freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейде 19 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды

Қоғам
Семейде 19 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды
Фото: Qumash telegram/ ЖИ арқылы өңделген

Семей қаласының маңындағы Водный кентінде 19 жастағы Диляра пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ретінде марқұмның 24 жастағы бұрынғы жігіті ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Qumash редакциясының мәліметінше, екеуінің арасында жанжал шыққан. Қыздың айқайын естіген көршілер көмекке жүгіріп, жедел жәрдем шақырған.

Куәгерлердің айтуынша, шабуыл жасаған ер адам оқиға орнынан қоршаудан асып өтіп, қашып кетуге тырысқан.

Диляра жергілікті колледждің үшінші курсында оқыған. Оның суреті оқу орнындағы құрмет тақтасына ілінген.

Полиция кісі өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу