freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Катонқарағайда қар барыстарының сирек кадрлары фототұзаққа түсті

Экология
Катонқарағайда қар барыстарының сирек кадрлары фототұзаққа түсті
Қар барысы. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqormany

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының сирек сәттерін таспаға түсірді. Бұл туралы ұлттық парктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Парк мамандарының айтуынша, алдымен камераға аталық қар барысы түскен. Ол фототұзаққа жақындап, камераны иіскеп көргеннен кейін оны басқа жаққа бұрып жіберген.

Алайда екінші фототұзақ ерекше көріністі жазып үлгерген. Кадрдан аналық қар барысы мен оның үш аланын көруге болады.

Аландар анасының жанында ойнап жүрген. Мамандар мұндай көріністі табиғатта кездестіру өте сирек екенін атап өтті.

Ұлттық парк өкілдерінің мәліметінше, бір қар барысы камераны бұрып жатқан сәтте, екінші фототұзақ осы отбасылық көріністі толық түсіріп алған.

Қар барысы – адам көзіне сирек түсетін жыртқыштардың бірі. Сондықтан мұндай кадрлар жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін бақылау үшін ерекше маңызға ие.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу