freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сәтбаев жастары – таза қала үшін!

Экология •
Сәтбаев жастары – таза қала үшін!
Фото: gov.kz

Сәтбаев қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала аумағында тазалық акциясы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Акцияға 50 бала қатысып, белсенділік танытты. Әр қатысушыға «Кинза» отбасылық мейрамханасына 3 000 теңгелік сертификат табысталды.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және туған қалаға деген жанашырлық сезімін арттыру.

Тазалық – тек айналаны таза ұстау емес, ол әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінен басталады.

Бүгінгі жастардың еңбегі – таза, көркейген әрі жайлы Сәтбаев қаласының болашағына қосылған маңызды үлес!

Таза қала – ортақ міндет!

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу