freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана әуежайында 223 iPhone анықталды

Қоғам
Астана әуежайында 223 iPhone анықталды
Фото: ЖИ арқылы өңделген

Астана әуежайында жолаушылар 223 iPhone 18 смартфонын декларациясыз алып өтпек болған, деп Malim.kz тілшісі, Shyndyk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кеден қызметкерлері қымбат техника мен сымсыз құлаққаптарды заңсыз әкелудің 10 дерегін анықтаған. Жолаушылар тауарларды декларацияламай, «жасыл дәліз» арқылы өткізбек болған.

Тексеру барысында барлығы 223 iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods табылған. Деректердің бірінде жолаушы бірден 50 смартфон алып өтпек болған.

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібін еске салды. Ведомство мәліметінше, бір адам декларациясыз екі смартфонға дейін алып кіре алады. Бұл мөлшерден асқан жағдайда тауарлар белгіленген тәртіппен декларациялануы тиіс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу