freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жанель Мақажан ажырасуына не себеп болғанын айтты

Шоу-бизнес
Жанель Мақажан ажырасуына не себеп болғанын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап беріп, бұрынғы күйеуімен ажырасуына әсер еткен жағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ult.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, некедегі қиындықтарға күйеуінің туыстарымен арадағы түсініспеушілік, отбасына жеткілікті қолдау көрсетілмеуі және опасыздық себеп болған.

Мақажан бұрынғы жолдасының әйелі мен балаларын жақындарының қысымынан қорғай алмағанын жеткізді. Сондай-ақ оның анасы, достары мен айналасындағы адамдардың пікіріне тәуелді болуы да ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына кері әсер еткенін айтты.

“Күйеуің сені, бала-шағаңды өз туыстарына талатып отырса, өз отбасын шын мәнінде қорғамаса, шешесінің, жанындағы психологтарының, достарының айтқанына еріп, саған талағын беріп, отбасын тастап кетсе… Бірақ ел алдында керемет әке, жардың бейнесінде жүрсе – қиын екен»”, – деп жазды актриса.

Оның сөзінше, отбасын сақтап қалу үшін көп күш жұмсап, уақытын, қаражатын және энергиясын аямаған. Алайда екінші тараптан дәл сондай жауапкершілікті сезінбегенін жеткізді.

Жанель Мақажан бұрынғы күйеуінің опасыздығы да оған ауыр тигенін айтты.

“Біз, әйелдер, сенеміз ғой, барымызды береміз: энергиямызды, ақшамызды, мотивациямызды. Екі дүниенің бақытын бірге көреміз деп барыңды саласың. Одан қалды сені алдап, опасыздық жасаса, сатқындық жаныңды қатты ауыртады екен”,– деді ол.

Актриса тұрмысқа шықпас бұрын болашақ жардың өз отбасымен қарым-қатынасына назар аудару маңызды екенін де атап өтті. Оның пікірінше, ер адамның жақындары қарым-қатынасқа әуелден қарсы болса, бұл жағдайды елемей қоюға болмайды.

“Ерлі-зайыпты қол ұстасып, бәрін бірге жеңуге дайын болса, отбасын сақтап қалуға болады. Ал ерің отбасын емес, өз туыстарының айтқанын таңдап кетсе, одан не қайыр? Бұл – басы ғана. Бәрін айтсам, есеңгіреп, өмірде ешкімге сенбей кетесіздер”,– деп түйіндеді Жанель Мақажан.

Бұған дейін актриса күйеуінен бөлек кеткенін жариялаған болатын. Сондай-ақ ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында кезінде ата-анасының қарсылығына қарамастан тұрмысқа шыққанын айтқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу