Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Парижде Макрон мен Зеленский кездесті

Әлем
Парижде Макрон мен Зеленский кездесті
https://t.me/V_ZELENSKIY_OFFICIAL

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің Париждегі кездесуі «дипломатия мен нақты көмекке», соның ішінде әуе шабуылына қарсы қорғанысқа (ПВО) арналған зымырандарды жеткізу мәселесіне арналды. Бұл туралы Украина лидері Telegram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Президент Макронмен кездесуде Украинаның ресейлік террорға қарсы тұрудағы нақты мүмкіндіктерін, қорғанысымызды және дипломатиядағы ұстанымымызды нығайта алатын қолдауды талқыладық. Дипломатия мен біздің қадамдарымыз жайлы да өте жан-жақты сөйлестік», — деп жазды Зеленский.

Макронмен әңгімеден кейін Зеленский Парижде АҚШ делегациясымен — АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Одан кейін Украина президенті «қалаулылар коалициясының» жабық саммитіне қатысады деп күтіледі. Бұл — Украинаға қауіпсіздік бойынша нақты кепілдіктерді талқылауды жоспарлап отырған Батыс одақтастарының басқосуы. «Маңызды саяси қадамдарға дайындалып жатырмыз», — деп саммиттің ықтимал нәтижелерін аңдатты Зеленский.

Бұған дейін таратылған саммит қатысушыларының мәлімдеме жобасына сәйкес, Украина одақтастары қару-жарақ жеткізуді жалғастыруға, бітімнен кейінгі кезеңге Киевке міндетті қауіпсіздік кепілдіктерін беруге, сондай-ақ Ресейдің жаңа әскери агрессиясы жағдайында көмектесуге келісім бергенін жариялауға дайындалып жатыр. Батыс БАҚ жариялаған құжат үзінділерінде Қарулы күштерді қалпына келтіруді қолдау және тежеу мақсатындағы батыс одақтастардың «көпұлтты күштері» де аталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу